USD
USD
USD

Ішіп алып көлік айдаған мектеп директоры жұмысынан қуылды

Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ішіп алып көлік айдаған мектеп директоры жұмысынан қуылды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотында мас күйінде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Ер адам өзінің кінәсін жоққа шығарғанына қарамастан, оның жасаған әрекеті  сот-медициналық сараптаманың қорытындысы және полиция қызметкерінің жетонындағы бейнежазбамен дәлелденді. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қолданды.

Іс материалдары бойынша, Павлодар ауданындағы мектептерінің біріндегі директоры масаң күйде рөлге отырғаны белгілі болды. Білім беру бөлімінің хабарлауынша, әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысында оған тәртіптік жаза қабылданды. Қатаң сөгіс алып, атқарып жатқан қызметінен босатылды.   

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала