USD
USD
USD

Ішіп алған Өскемен тұрғыны көпқабатты үйде теракт болады деп полицияға өтірік айтқан

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға теракт туралы жалған хабар берген.

Ішіп алған Өскемен тұрғыны көпқабатты үйде теракт болады деп полицияға өтірік айтқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 қарашада таңғы сағат 05.13-те «102» жедел арнасына қоңырау шалған азамат теракт болатыны туралы хабар берген.

«Өз сөзінде ол теракттың Сәтпаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде сағат 06.00-07.00 шамасында болатынын жеткізді. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. Полицейлер қоңырау шалған ер адамның кім екенін жедел анықтаған. Мас күйдегі 41 жастағы шаһар тұрғыны әзілдегенін айтты», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Сараптама нәтижесіне сәйкес, ер адам орташа дәрежеде мас болған. Тәртіп сақшылары оны ҚР ӘҚБтК 438-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе