Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ішімдік сатуды қоймаған әйел жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері үйінде алкоголь сатқан тұрғынға айыппұл салды.

Ішімдік сатуды қоймаған әйел жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласы пабликтерінің бірінде Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі пәтерде отбасы спирттік ішімдіктерді заңсыз қолданғаны туралы шағым жарияланды. "Бұл отбасыға 2019 жылғы 9 қазанда ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша "Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу" бойынша сот 24000 теңгеден аса айыппұл тағайындады. Алайда олар бір айдан кейін қайтадан заңсыз қызметпен айналысуды жалғастырды және ҚР ӘҚБК-нің 463-бабы ("кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру") бойынша жазаға тартылды. Шілде айында заңсыз сатушыларға қатысты тағы да шағым түсті. ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы бойынша жауапқа тартылғаннан кейін олар қайтадан 28000 теңге мөлшерінде айыппұл төледі, сондай-ақ ҚР ӘҚБК-нің 463-бабына сәйкес 42 000 теңгеге айыппұл салынды", - деді департаменттегілер.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант