USD
USD
USD

Ішімдік ішу 73 пайызға төмендеген

Мас күйде қоғамдық орында жүретін адамдардың саны азайды. Алматы облысында ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу көрсеткіші төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішімдік ішу 73 пайызға төмендеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша қоғамдық орында ішімдік ішудің немесе масаң күйде келудің тоғыз жүзден астам дерегі тіркелген. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 73 пайызға төмендеген. “Биыл облыс аумағында қоғамдық орындарда масаң күйде жүру дерегі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 926 адам жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарының арқасында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеді. Құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды”,- деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынған қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну деректері де былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстарғанда екі есе азайған. “Жол сақшылары жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жыл басынан бері 109 жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтады. Аталған деректер бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, соттың шешімі бойынша жүргізушілер көлік басқару құқығынан айырылды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 36 пайызға төмен”,- деп толықтырды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі. Облыстық полицейлер қоғамдық орындарда және көлік басқарғанда ішімдік ішудің өте қайғылы жағдайларға әкелетінін ескертеді.
 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы