USD
USD
USD

Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылды

Атырау облысының Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Тәуелсіздік монументі Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылында бой көтерген.

Монументтің биіктігі – 16, ұзындығы мен ені – 6,5 метр. Оның мұнарасында қазақ халқының киелі шаңырағы, оның жанында ұшып жүрген құстар бейнеленген.

«Монумент – тарихи-танымдық маңызы зор нысан. Мұнараның биігіне киелі шаңырағымыздың орнатылуының астарында Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген идея бар. Тәуелсіздігіміз баянды болса, еліміз де еңселі болады», - деді монументтің ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Мұнараның артқы жағында биіктігі – 5, ұзындығы – 7, ені – 1,10 метрлік 3 колоннаға рельефт-мүсіндер орнатылған. Онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру сәті мен еліміздің 30 жылдағы жетістіктері көрініс тапқан.

 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе