Референдум Референдум
20 Ақпан 11:41
...

Ирландияда Temu-ды сотқа берді

Temu
Фото: Temu

Ирландиялық UPS логистикалық компаниясы Temu ірі маркетплейсінің тасымалдаушыға 37 миллион еуро қарыз екенін мәлімдеді.

Референдум

Тасымалдаушы сотқа жүгінді. Қазір іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды irishtimes.com.

UPS компаниясының ирландиялық бөлімшесінің төлемдерді жинау жөніндегі аға менеджері Шеймус Смит қарыздың елеулі бөлігі 2024 жылы қалыптасқанын айтты. Сол кезде UPS пен Whaleco – Ирландиядағы Temu өкілі арасында уақытша келісім жасалған. Оған сәйкес, UPS Temu-дан тауарларды бүкіл Еуропа бойынша едәуір төмендетілген бағамен жеткізіп отырған.

Алайда, Смиттің айтуынша, Whaleco көп ұзамай тасымалдаушыға қызметі үшін төлем жасауды тоқтатқан. 2025 жылдың тамызына қарай қарыз шамамен 13 млн еуроға жеткен. Сол кезде UPS уақытша келісімді бұзып, жеңілдетілген тарифті алып тастаған. Соған қарамастан Whaleco тасымалдаушының қызметтерін пайдалануды жалғастыра берген, бірақ төлем жасауға асықпаған.

2025 жылдың қаңтарында қарыз сомасы 37 млн еуроға жетті. UPS-тің талап етуімен Whaleco-ның шоттары бұғатталды. Whaleco өкілдері уақытша келісімді бұзудың заңдылығына күмән келтіріп, UPS өз міндеттерін тиісінше орындамағанын мәлімдеді. Ал тасымалдаушы компания өкілдері мұнымен келіспейді. Іс соттың қарауына қабылданды.

Бұған дейін БАҚ Дублин қаласындағы Temu кеңсесінде жүргізілген тінтулер туралы жазған. Бұған Қытайдан заңсыз субсидия алды деген күдік себеп болған. Компанияның Түркиядағы кеңселеріне де тінту жүргізілген.

Айта кетейік, Қазақстанда да Temu-ға жиі шағымданады. Соның ішінде қазақстандық дизайнерлер қытай маркетплейстері олардың жұмыстарын көшіріп алғанын айтқан.

«Менің жұмысымды ұрлады. Жұмысымның көшірмелерін көргеннен кейін төбемнен жай түскендей болды. Ауыр тиді, бұл неткен әділетсіздік. Мен дәл осы ою интерпретациясының авторымын. Ол жалпыға қолжетімді емес», – деп жазды қазақстандық әшекей дизайнері.

Референдум