USD
USD
USD

Иркутскіде ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты

 Сібірде жүк тасымалдайтын АН-12 ұшағы апатқа ұшырап, 9 адам ажал құшты деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Иркутскіде ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Беларуьсқа тиесілі әуе кемесі Иркутск қаласының маңында радардан жоғалып кеткен. Ресей Тергеу комитетінің аймақтық бөлімі көлік қауіпсіздігінің ережелері бұзылды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Беларусь билігі ұшақты тәжірибелі экипаж мүшелері басқарғанын айтады. Топ арасында 2 Беларусь, 2 Ресей және 2 Украина азаматы болған. Қалған жолаушылардың қай елден екені туралы әзірге ақпарат жоқ. Әуе кемесінде ешқандай жүк болмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша апатқа қолайсыз ауа райы, яғни үскірік жаңбыр кесірінен рульдің қатып қалуы, ұшқыштардың қателігі немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Игорь Кобзев, Иркутск аймағының губернаторы: - Өкінішке орай, ұшақта болған барлық адам көз жұмды. Оқиға орнынан дене бөліктері табылды.  Беларусьтің «Гродно» әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ресей бойынша көп рет жүк жеткізген. 

Қазір оқып жатыр

Британ құқығы оларды қорғай ма? Олигархтар НЕГЕ АХҚО-ға жаппай көшуде?

.

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат