USD
USD
USD

"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы кенеттен қайтыс болды

“Ирина Кайратовна” тобының мобилографы Астанада концерт кезінде көз жұмды.

"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы кенеттен қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мобилограф концерт басталмай тұрып сахнада құлап қалған. Кейіннен топ мүшелері өнер көрсетпейтіндерін хабарлады. 

“Бұл туралы айту бізге өте қиын. Біздің мобилографтың сахнадан құлап кеткенін көрген боларсыздар, ол қайтыс болды. Өкінішке қарай, біз бүгін алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз. Келгендеріңізге, бізге қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет. Біз сіздерді жақсы көреміз”, - деді ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 14 қазан күні концертте 21 жастағы мобилограф есінен танып, сахнаға құлаған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әкімдік пен көрермендер түсіністік танытып, концерт у-шусыз аяқталды", - деп хабарлады Астана ПД.

Қазір оқып жатыр

QR төлемдерін ҚҚС-тан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi

«Тобыл» футбол клубының жаңа иесі анықталды

«Тобыл» ойыншылары

Ақбаян Мұқанғалиева емнен кейін балаларымен қауышты

Ақбаян Мұқанғалиева

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов