USD
USD
USD

"Ирина Кайратовна" тобы мобилограф жігіттің қазасына байланысты жазба жариялады

"Ирина Кайратовна" тобы 21 жастағы мобилографтың қазасына байланысты мәлімдеме жасады.

"Ирина Кайратовна" тобы мобилограф жігіттің қазасына байланысты жазба жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Құрметті достар және "Ирина Кайратовнаның" жанкүйерлері! Астана қаласындағы концертте мобилограф, 21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың кенеттен өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Осыған байланысты Астанада 2023 жылғы 14-15 қазанға жоспарланған концерттер өтпейді.

Шахназдың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз. ИК командасы Шахназдың отбасына барынша қолдау, көмек көрсетеді.

Қазіргі таңда біз досымыз әрі әріптесіміздің нақты неден көз жұмғанын айта алмаймыз. Бұл туралы құзырлы органдардан ресми түсініктеме күтіп отырмыз.

Біздің тарапымыздан болған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін әрқашан маңызды. Алдағы Еуропаға турымызды Шахназдың құрметіне өткізгелі отырмыз. Біз оның талантына және мейірімділігіне бас иеміз. Әр концертімізді оны еске алатын боламыз.

Қиын сәтте түсіністік әрі қолдау танытқандарыңыз үшін рақмет! Сондай-ақ бұл оқиғаның қалай болғаны туралы бейнематериалды таратпауды өтінеміз. Түсіністік танытасыздар деген үміттеміз", - делінген топтың желідегі парақшасында жарияланған мәлімедемеде.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама