USD
USD
USD

Ірі сауда нысандарына санитарлық талап күшейтілді

Елордада құрылыс саласында қызмет көрсететін 500 кәсіпорын мен 5 ірі дүкеннің жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ олар санитарлық талапты қатаң сақтауы керек.

Ірі сауда нысандарына санитарлық талап күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауда желілері қызметкерлерін арнайы көлікпен тасымалдап, оны үнемі дезинфекциялап отыруы шарт. Ал түсте жұмыскерлер екі адамнан артық жиналмай, кесте бойынша тамақтануы тиіс. Санитарлық талаптардың күшейгені көшеден-ақ байқалады. Келушілер екі метр арақашықтық сақтап, дүкенге кезекпен кіреді. Іште қолын антисептикпен жуады. Аяқ астына да дезинфекциялық төсеніш төселген. Міндетті түрде дене қызуы өлшенеді. Содан кейін ғана олар сауда жасауға кіріседі. Сақтық шаралары қызметкерлерге де қатысты.

«Мегастрой» құрылыс гипермаркеті директорының орынбасары Оксана Сухорукова: "Біз медициналық қызметкерді уақытша жұмысқа алдық. Күнде сағат таңғы тоғызда және кешкі алтыда ол жұмысшылардың дене қызуын тексеріп, ауру белгілерінің бар-жоғын анықтайды. Барлық қызметкерлерге қорғаныш құралдары таратылған" деді.

Құрылыс дүкендері енді ғана ашылғанымен, мұндағы халықтың қарасы қалың. Дүкен басшысының айтуынша, кеше 1 жарым мың адам сауда жасаған.  Бірі, үйін жөндеуге, бірі, кеңсесіне керек-жарағын алуға келген.

Сатып алушылар мен сатушылар арасында қашықтықты міндетті түрде сақтауы керек. Яғни, екі метр алшақтықты ұстау керек. Сонымен қатар, құрал-жабдықтар міндетті түрде дезинфекцияланып тұруы керек. Күніне екі реттен кем емес ылғалды дезинфекциялық заттармен жуу жұмыстары жүргізілуі керек. Сондай-ақ, мамандар сауда жасағанда қолма-қол ақшамен емес, картамен төлеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.