USD
USD
USD

Ірі мұнай компаниясына 102 млн теңге айыппұл салынды

 Қызылордадағы Біріккен кәсіпорынға тиесілі Ақшабұлақ кенішінде ауаға азот және көміртек оксиді түріндегі ластағыш заттары мөлшерден бірнеше есе артық төгіліп келгені анықталды.

Ірі мұнай компаниясына 102 млн теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ қара алтын өндіруші мекеме экология департаменті мамандарының таққан айыптарымен келіспей, облыстағы мамандандырылған ауданаралық сотына бірнеше рет шағым түсіріпті. Мән-жайды саралаған сот органдары экологтардың ұйғарымы дұрыс деген шешім шығарды. Жалпы жыл басынан бері табиғат пайдаланушы компаниялар 52 рет өрескел заң бұзған. Олардан 744 миллион теңге айыппұл өндірілді.

Облыс бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Толыбек Әбдіхалықов: "Шарттарға, жобалық құжаттарға сәйкес жекелеген алауларға газды жағуға рұқсат берілмейді. Соның нәтижесінде кен орындарында алауларды бей-берекет жағу деген мәселе жүйеге түсіп келе жатыр. Департаментпен ірі мұнай өндіруші компанияларға жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы профилактикалық бақылау шараларын жыл сайын жүргізіп отырамыз" деді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.