USD
USD
USD

Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді

Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді, деп хабарлайды Bloomberg.

Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі ірі мұнай кен орны (Қарашығанақ және Қашаған) рұқсат етілмеген шығындар бойынша айыптауларға байланысты төрелік сотта үкіметтен талап арыз алған. Оның ішінде үкімет жобалар бойынша серіктестер Қашаған бойынша $13 млрд және Қарашығанақ бойынша $3,5 млрд мөлшерінде шығындарды шегермеуі тиіс деп мәлімдеді.

"Наурызда Үкімет Женева мен Стокгольмдегі Қашаған мен Қарашығанақ істерін қадағалау үшін төрешілерді тағайындады. Дереккөздердің айтуынша, компаниялар өз төрешілерін әлі тағайындаған жоқ", - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Қашаған мұнай кенішінің операторы North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясынан қоршаған ортаны қорғау үшін шамамен 2,3 триллион теңге айыппұл өндіру туралы сотқа шағым түсірген болатын.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша серіктестікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 324, 325, 326, 328, 331 және 332-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева