USD
USD
USD

Ірі көлемдегі заңсыз ішімдік тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ауыл тұрғынынан 140 литр заңсыз ішімдік тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ірі көлемдегі заңсыз ішімдік тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО Есіл ауданында учаскелік полиция инспекторы үй-үйді тексеру кезінде бір үйдің ауласында түсіріп жатқан 14 жәшік арақты анықтайды. 35 жастағы ауыл тұрғыны ащы суды өзіне белгісіз адамнан сатып алғаны туралы айтады. Сатып алынған ішімдікті үйіне жеткізу үшін танысына жүгінеді. Тасымалдауға ешқандай құжат болмаған, 240 бөтелкенің барлығында акциздік марка болмай шыққан. Сондай-ақ, тауарды қайдан, қандай жағдайда сатып алғаны жөнінде қойылған сұрақтарға ауыл тұрғыны жауап бере алмаған. Полицейлер сатып алынған тауарға қатысты мән-жайды, сондай-ақ Қазақстан аумағына мемлекеттік сапа бақылауынан өтпеген спирттік ішімдіктің қалай жеткізілгенін анықтайтын болады. “Акциздік маркасы жоқ алкоголь сараптамаға жіберілді,- деді Есіл ауданы полиция бөлімінің басшысы Ерлік Есләмбеков. – Ауыл тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-1-бабы (тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу) бойынша материал жиналды. Бұл алынған заңсыз алкоголь жыл басынан облыста тәркіленген ащы судың ең ірі көлемі болып табылады. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 81 литр спирттік ішімдік тәркіледі.
 

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.