USD
USD
USD

Ер адам ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

  Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі жасырмақ болған ер адамды құрықтады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ер адам ірі көлемдегі есірткімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елорданың патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде Қарағанды тасжолының бойындағы ағаштардың арасынан белгісіз ер адамды байқаған. «Күдікті маңайын ұялы телефон камерасына түсіріп жүрген. Полицейлер оны тоқтатып, орманда қандай мақсатпен жүргенін сұрағанда, зират басынан келе жатқанын айтқан. Бірақ, ер адамның қатты қобалжып тұрғаны күдік тудырған. Тексере келе полиция қызметкерлері ағаш түбінен мұқият қапталған синтетикалық есірткі тауып алды. Пакетте «Мефедрон» және «Альфа-РVР» синтетикалық есірткісінің бары анықталды. Алынған препараттың жалпы салмағы 1,25 келіден асады» делінген хабарламада.

Полицияның хабарлауынша, есірткіні елордаға жеткізген 27 жасар Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. «Күдікті есірткіні Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сатпақ болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. 6 мыңнан астам бір реттік дозаның құны «қара» нарықта 25 млн теңгені құрайды. Жыл басынан бері елорда аумағында заңсыз айналымнан 30 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді», – дейді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы