USD
USD
USD

Ірі қара етінің экспорты артты  

 Биылғы қуаңшылыққа байланысты азық-түлік тауарының тапшылығы сезілсе, сәйкесінше оның экспорты шектеледі. 

Ірі қара етінің экспорты артты  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алайда сауда және интеграция министрінің айтуынша, бұл ведомствоның құзырындағы мәселе емес. Бақыт Сұлтанов бұл экспорттаушылар шешімімен реттелетінін айтады. Дегенмен арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия мәселені назарда ұстайды. Министрлік әзірлеген ақпарға сәйкес, былтыр алғашқы 4 айда ірі қара етінің экспорты 9 млн долларға жуықтаған. Бұл 2,7 мың тонна еттен түскен кіріс. Биылғы жылдың сәйкес мерзімінде экспорт 2,6 мың тоннаны құрап, одан 9 млн 400 мың доллар көлемінде пайда түскен. Экспорт көлемі сәл азайғанмен, табыс 5 процентке өскен. Биылғы ет импорты былтырғы төрт аймен салыстырғанда 41 процентке төмендеген. Министрлік шетке шығатын ет көлемі ұлғайып, сырттан келетін көлемі азайғанын мәлімдеді. 

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер