USD
USD
USD

Ираннан келген қандастарға Солтүстік Қазақстаннан жаңа үй берілді

 Ираннан келген қандастар Солтүстік Қазақстан облысына жайғасты.

Ираннан келген қандастарға Солтүстік Қазақстаннан жаңа үй берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысына Ираннан 20 отбасы – барлығы 60 адам көшіп келді. Олардың арасында мұғалім, тігінші, құрылысшы секілді тағы басқа мамандық иелері бар. 20 отбасы «Еңбек» бағдарламасы бойынша Есіл және Шал ақын аудандарына қоныс аударған. Қазір жаңа үйге кірді. Тарихи Отанына табаны тигендердің бірі – Нажиб Қазақ. Төрт баланың әкесі. Егіз қыздарына 4-ақ ай болыпты. Иранда туып өскен қандас бауырымыздың қуанышында шек жоқ. Бүгін аңсаған ата қонысынан үй алып жатыр.

Оларға «Еңбек» бағдарламасы бойынша салынған жаңа баспана берілді. Басқа да жағынан қолдау болады. Әр отбас 204 мыңнан субсидия алады. Және де 500 мыңнан аса грант көмек бастапқы көмек алу мүмкіншіліктері болады. Көш тоқтамайды. Иранда қазіргі уақытта 10 мың этникалық қазақ тұрады. Горган, Бүржі қалаларында 1 мың 500 отбасы тұрады.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер