USD
USD
USD

Ираннан 1,7 млрд теңгеге темекі тасымалдамақ болғандар ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Иран Республикасынан Қазақстан аумағына темекінің экономикалық контрабандасын іске асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Ираннан 1,7 млрд теңгеге темекі тасымалдамақ болғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Маңғыстау, NEGE. ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Тергеу барысында Ақтау қ. «Морпорт» кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плиткалар мен томат пастасы түрінде 30 контейнер темекі заңсыз тасымалданғаны анықталды. Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған. Тәркіленген темекінің кедендік құны – 1,7 млрд астам теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар 4,8 млрд астам теңгені құрады. Басты ұйымдастырушы және лауазымды тұлға – 10 жылға, құқыққа қарсы қызметтің үш сыбайласы 5 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші