Референдум Референдум
5 Наурыз 14:09
...

Ираннан ұшырылған дрондар Әзірбайжан әуежайы аумағына құлады

Нахчыван
Фото: Видеодан кадр/t.me/mediaaznews

 5 наурызда Иран аумағынан ұшырылған Shahed-136 ұшқышсыз аппараттары Нахчыван халықаралық әуежайы аумағына құлады.

Референдум

Астана, NEGE. Бұл ақпаратты Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі растады.

Дрон құлаған жердің маңында орта мектеп орналасқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадалары тартылды. Шабуыл салдарынан екі бейбіт тұрғын зардап шеккені мәлім болды.

«5 наурыз күні шамамен түскі уақытта Әзірбайжан Республикасы Нахчыван Автономиялық Республикасының аумағына Иран Ислам Республикасы территориясынан дрондармен шабуыл жасалды.

Иран Ислам Республикасы аумағынан ұшырылған дрон шабуылын қатаң айыптаймыз.

Шабуыл салдарынан әуежай ғимаратына зақым келіп, екі бейбіт тұрғын жарақат алды», – делінген хабарламада.

Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі ел аумағына жасалған бұл шабуыл халықаралық құқықтық нормалар мен қағидаларды бұзу болып саналатынын және аймақтағы шиеленісті ушықтыратынын мәлімдеді.

«Біз Иран Ислам Республикасынан осы оқиғаға қатысты мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде нақты түсініктеме беруді, тиісті тергеу жүргізуді және болашақта мұндай шабуылдардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етеміз», – делінген СІМ мәлімдемесінде.

Осы оқиғаға байланысты Иранның Бакудегі елшісі Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды. Оған тиісті дипломатиялық нота табысталмақ.

Айта кетейік, Әзірбайжан АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысына қатысып жатқан жоқ.

Референдум