USD
USD
USD

Ирандық әйелдер хиджабтарын өртеп, митингке шығып жатыр

Ирандық әйелдер полицияның соққысынан кейін қайтыс болған Махса Аминидің өліміне наразылық ретінде хиджабтарын өртеп жатыр. 

Ирандық әйелдер хиджабтарын өртеп, митингке шығып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Иран полицейлері хиджабын шешкен бойжеткенді аяусыз ұрып, ауруханаға түсірген.

Махса Аминиди

Қатты бас соққысын алған 22 жастағы Махса Аминиди сол арада көз жұмған. Осы оқиғадан кейін ирандық қыздар шеруге шығып, хиджабтарын шешіп жатыр. 

Полиция Аминидің басы орамалмен толық жабылмағаны үшін метроның шыға берісінде ұстап, бөлімшеге күштеп алып кеткен. Онда бойжеткен қатты соққыдан кейін есінен танып, комаға түскен.

Полиция оқиғаға қатысты қыздың өлімі жүрек талмасынан болды деп түсіндірді. Бірақ куәгерлер қыздың соққыға жығылып, бас сүйегінің сынуынан қайтыс болғанын айтып жатыр. 

Иранда әйелдер хиджаб киюге міндетті, өйтпеген жағдайда бұл қылмыс болып саналады.

Иранның түкпір-түкпірінде мыңдаған әйел көшеге шығып, наразылық білдіріп жатыр. 

Олар хиджабтарын шешіп, ұзын шашын кесіп жатқанын әлеуметтік желіде жариялаған.

Полиция митингке шыққан қыздарға газ қолданып, оқ жаудырған. Бірнеше адамды өліп, жараланған. 

Иран президенті қыздың өлімін жедел тексеруді тапсырды, бұған қатысы бар полицейлер ұсталды, бірақ наразылық әлі басылмай отыр.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов