Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ирандағы ұшақ апатына кінәлілер тұтқындала бастады

Иранда украиндық ұшақтың апат болуына байланысты алғашқы кінәлілер тұтқынға алынды. Бұл туралы Иранның сот билігі өкілі Голамхоссейн Эсмаили мәлімдеді.

Ирандағы ұшақ апатына кінәлілер тұтқындала бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзірге ұсталғандардың саны туралы мәлімет жоқ. Бұған дейін Иран президенті Хасан Роухани  ұшақты атып құлатқандарды сотқа беруді жылдамдататынын айтқан. Ол кінәлілер тез арада анықталып, тиісті жазасын алады деп сендірген.Иранның ислам төңкеріс қарауыл корпусын басқаратын Иран Хосейн Салами Тегеран маңында апат болған украиндық ұшаққа байланысты кешірім сұраған. Иран тарапы ұшақтың қара жәшігін Францияға жіберді. 

Еске сала кетейік, «Украина халықаралық авиалиниясының» Boeing 737-800 ұшағы Тегераннан ұшып шыққан сәтінде апатқа ұшырап, 176 адам қаза тапты. Оның 14-і – Украина азаматы. 11 қаңтар күні Иран бұл апатты адами фактор ретінде бағалап, кешірім сұрады.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА