USD
USD
USD

Ирандағы жарылыс зымыран отынының құрамынан болуы мүмкін 

Шахид-Раджаи портында болған жарылысқа зымыран отынының құрамындағы натрий перхлорат себеп болуы ықтимал, деп хабарлайды The New York Times басылымы. Бұл ақпаратты "Корпус стражей ислам революциясы" (КСИР) мен байланысы бар дереккөздер растаған.

Иран
Фото: IRIBNEWS/AFP

Алматы, NEGE. Жарылыс 26 сәуірде Иранның оңтүстігінде, Персид шығанағының жағасында орналасқан Шахид-Раджаи портында болды. Бұл порт Бендер-Аббас қаласына жақын орналасқан. Жарылыстың салдарынан кемінде сегіз адам қаза тапты, ал 750-ден астам адам жарақат алды. Жарақат алғандардың көпшілігі ауыр күйде екені хабарлануда.

Оқиға орнына Иранның ішкі істер министрі Эскандар Момені арнайы келіп, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталмаған, бірақ зерттеушілер бұл оқиғаға зымыран отынының құрамындағы химиялық заттар әсер етуі мүмкін екенін болжауда.

Бұл жарылыс Иранның әскери және өнеркәсіптік инфрақұрылымына жасалған тағы бір қауіп ретінде бағаланып отыр.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша