USD
USD
USD

Ирандағы президенттік сайлауда Масуд Пезешкиан жеңіске жетті

Реформатор Масуд Пезешкиан Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлады РИА Новости агенттігі.

Сайлау
Фото: © AP Photo / IRIB/Morteza Fakhri Nezhad

Алматы, NEGE. Сайлауда барлығы 30 миллион 510 мың 157 адам дауыс берген. Оның ішінде Масуд Пезешкиан 16 миллион 384 мың 403 дауыс жинаса, Саид Джалили 13 миллион 538 мың 179 дауысқа ие болды.

ТАСС-тың хабарлауынша, халықтың сайлауға қатысу деңгейі 49,8% құрады.

Масуд Пезешкиан, қазір 69 жаста, реформатор саясаткер және соңғы V шақырылымдағы Иран парламентінің мүшесі. Мамандығы - дәрігер, ол Мохаммад Хатамидің екінші президенттік кезеңінде Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрі қызметін атқарды (2001-2005).

Сондай-ақ бұған дейін екі рет президенттік таққа таласқан, бірақ тек осы сайлауда бірінші рет жеңіске жетті: 12 жыл бұрын ол сайлау кезінде өз бетінше қарсыласына жол берген, ал 2021 жылғы сайлауда оның кандидатурасын Иранның Бақылау кеңесі (сайлауды қадағалайтын Парламенттің жоғарғы палатасы) мақұлдамады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов