USD
USD
USD

Ирандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Президент бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар нақты міндет жүктеді.

.
Фото: Akorda.kz

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы Нұрдәулетовке күш құрылымдары мен салалық министрліктердің басшыларымен бірлесіп, Ирандағы ахуалдың ушығуына және оның еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, барлық күштік құрылымдар тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшірілді.

Үкімет жанынан Сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті.

Өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдау міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж