USD
USD
USD

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті

Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзербайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді. Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді, деп атап өтті ол.

Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Тереңдігі - 7 шақырым.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар