USD
USD
USD

Иранда коронавирустың күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізілмек

Бұл туралы осы елдің президенті Хасан Рухани мәлімдеді. Жоспарға сай тыйымдар әр округ пен қаладағы дертті жұқтыру көрсеткішіне сай қолданылмақ.

Иранда коронавирустың күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мысалы, қызыл аймақта қала тұрғындарының тіршілігіне аса қажетті саладан басқа барлық қызмет түрі тоқтатылады. Ал сарғылт аймақта дәмханалар мен университеттер жұмысын жалғастырады. Сары аймақта тек ойын-сауық, спорттық және діни іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Шектеулерді жеңілдету немесе қатаңдату 14 күннен кейін әр аймақтағы жағдайға сай қарастырылады. Ал Тегеранда қайта карантин енгізілуі мүмкін. Ресми дерекке сүйенсек, Иранда індет таралғалы вирусты жұқтырғандар саны 750 мыңға жуықтап, 40 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy