Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Иранда хиджап кимеген әйелдерді анықтайтын камералар орнатып жатыр

Иран билігі қоғамдық орында хиджаб кимеген қыз-келіншектерді анықтайтын камералар орнатып жатыр. Талапты бұзып, көзге түскен әйелдерге алдымен ескерту, артынан хабарлама беріледі. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Иранда хиджап кимеген әйелдерді анықтайтын камералар орнатып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Сосын іс сотқа жолданады. Тек қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ әртүрлі сипаттағы іс-шаралар да бақылауға алынады. Тәртіпке көнбеген қожайындардың мекемені жабуға тура келуі мүмкін.

Әли Хаменеи, Иранның жоғары рухани көсемі:

- Хиджаб кию - шариғат заңы. Бұл шектеуді үкімет ойлап тапқан емес. Хиджаб кию - ұлтымыздың өркениетті негізінің бірі.

Алайда Иранда хиджаб киюден бас тартқан әйелдердің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Мұнда ашық наразылық былтыр күзде басталған. Қыркүйекте 22 жастағы Махса Әминаны әдеп полициясы хиджаб кимегені үшін қамауға алады. Кейін ол түрмеде көз жұмады. Билік бас көтергендерді өлім жазасына кесіп, наразы топты аяусыз басып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң