USD
USD
USD

Иран украиналық ұшақты байқамай атқанын мойындады

 Иран «Халықаралық Украина әуе жолдары» әуекомпаниясының Boeing жолаушылар ұшағының Тегеран маңында апатқа ұшырауына «адамның қателігі» себеп болған. Бұл туралы Иран Қорғаныс күштері Бас штабының мәлімдемесінде айтылады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Иран украиналық ұшақты байқамай атқанын мойындады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Адамның қателігі салдарынан және ұшақты байқаусызда құлатты», – делінген хабарламада. Мұны IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясы таратты.  Осыған дейін, Иран билігі әуеапатына байланысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Олардың мәліметінше, украиналық ұшақ әуеде өртенген. Ұшақ әуежайға кері қайтқан, алайда экипаж мүшелері диспетчерлерге ештеңе айтпаған.  Бірқатар батыс елдерінің көшбасшылары ұшақтың апатқа ұшырауы зымыран соққысына байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Осыған дейін, бұл мәліметті Иран үкіметі жоққа шығарған еді. Жұмада New York Times газеті Boeing ұшағына зымыранның дөп тию сәті көрестілген видеоны жариялады.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған. 

 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды