USD
USD
USD

Иран Президенті: Ұшақ апатына кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылады 

«Орны толмас бұл қателік үшін кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылады», – деп мәлімдеді Иран Президенті Хасан Роухани.

Иран Президенті: Ұшақ апатына кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылады 
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Бұл туралы Иранның Ирна агенттігі хабарлады. Ол адамның қателігінен Украина ұшағының құлағанынан өкінетінін айтты. «Өкінішке қарай, адам факторы мен қате іске қосылған зымыранның соңы үлкен апат әкелді. Мен Иранның Президенті ретінде осы үлкен апаттың салдарынан мерт болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын», –  делінген хабарламада.

Президенттің айтуынша, Иран Сыртқы істер министрлігі мерт болған азаматтардың мәйіттерін отбасыларына жеткізу үшін қодан келгеннің барлығын жасайды. «Сонымен қатар әуе қорғанысы күштері кешендерінің барлық әлсіз жақтарын жойып, мұндай әуе апаттарының екінші қайталанбауына қажетті барлық шаралар қолға алынсын», – деді Иран басшысы.

Айта кету керек, Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы хабарланды. Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталды. Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялады. Бүгін Ирна ақпарат агенттігі Иранның әуе қорғаныс күштері Украина ұшағын қателесіп атып түсірді деген ақпарат таратты.

 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды