USD
USD
USD

Иран АҚШ-тың әскери базаларын бомбалады

АҚШ-тағы тілшіміздің хабарлауынша, АҚШ-тың Ирактағы әл-Асад әскери базасына шабуыл жасалды.

Иран АҚШ-тың әскери базаларын бомбалады
Фото: NEGE.kz

Нью-Йорктегі тілшіміз Ербол Молдажан былай деп хабарлайды: Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына онға жуық баллистикалық зымыранмен шабуыл жасаған. Бұл туралы америкалық әскери өкілдер The New York Times газетіне мәлімдеді.

«Асад және Эрбильдегі екі әскери базаға шабуыл жасалды. Бұл Иранның мақсатты түрде АҚШ әскері мен коалициясына қарсы ұйымдастырылғаны анық», – дейді Пентагон өкілі Джонатан Хоффман.

Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы нақты ақпарат берілмеген. Шабуылды Иранның Ислам төңкерісі күзетшілерінің корпусы (ИТКК) өз мойнына алды. Press TV Туиттер акканутында зымырандардың АҚШ әскери базасына қарай бағытталғанын көрсететін сәт бейнеленген видео жарияланды.

АҚШ-тың әскери шенділері Ирактың батысындағы базалар шабуылға ұшырағанын растады. Президент Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Стэфани Гришем былай деп мәлімдеді: «Президент Трамп шабуыл жөнінен хабардар. Қазір ол ұлттық қауіпсіздік жөніндегі командасымен кеңесіп жатыр».

Иранның бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде Қасым Сулейманның сүйегі туған өлкесіне жеткізілген бойда баллистикалық соққы жасалғаны хабарланды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның мәдени нысандарына шабуыл жасалатынын айтқан болатын. Бірақ сейсенбі күні ол бұл ойынан айнығанын журналистерге хабарлады. Ал НАТО-ның кейбір әскерлері Ирактан кетіп жатыр.

NEGE.KZ

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт