28 Сәуір 04:13
...
Иран порттағы жарылыстан қаза тапқандарға байланысты ұлттық аза тұту жариялады

Иран үкіметі Шахид-Раджаи портындағы жарылыстан қаза тапқандардың құрметіне 28 сәуір, дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды ТАСС.
Алматы, NEGE. Үкімет өкілі мәлімдегендей, «ертеңгі күн бүкіл ел бойынша ұлттық аза тұту күні болады».
Бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан Бендер-Аббас қаласындағы жағдаймен танысу үшін оқиға орнына барған болатын.
Еске сала кетсек, сенбі күні Бендер-Аббас қаласындағы Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Шахид-Раджаи портында күшті жарылыс болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан қаза тапқандар саны 28 адамға жетті, тағы 1139 адам медициналық мекемелерге жеткізілген.