USD
USD
USD

Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 750-ден асты

Иранның оңтүстігіндегі Шахид Раджаи портында жойқын жарылыс болды.

Иран
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жарылыс салдарынан 750-ден аса адам жарақат алды, зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілді.

Белгілі болғандай, Шахид Раджаи портындағы әкімшілік ғимараттардың бірі жарылыстан зақымданған, сондай-ақ көптеген көлік бүлінген.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Мухаджерани мәлімдеуінше, кемежайда сақталған химиялық зат тиелуі мүмкін контейнердің жарылғаны анықталған. Алайда, оның пікірінше, өрт толық сөндірілмей тұрып, жарылыстың нақты себебін анықтау қиын. Ол оқиғаның себебіне көз жеткізгеннен кейін әлеуметті нақты ақпаратпен құлағдар етуге уәде берді.

Қазіргі уақытта Шахид Раджаи порты уақытша жабылды, оқиғаға орнында тергеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі