USD
USD
USD

Иран мен Израиль бір-біріне тағы соққы жасады

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль уақытымен сағат 02:30 шамасында ел әскері Ираннан зымыран атылғанын ескертті. Әуе дабылы Израильдің орталық аймақтарында, соның ішінде Тель-Авивте және басып алынған Батыс жағалауда іске қосылды.

И
Фото: Ак Жайык сайтынан алынды

Алматы, NEGE. Иран мен Израиль сенбі күні таңертең ерте бір-біріне жаңа соққылар жасады. Бұл Тегеран қауіп төнген кезде ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдегеннен кейін бір тәулік өткен соң болып отыр.

– Тель-Авив аспанында зымырандардың тосқауылмен жойылғаны байқалды, қалада жарылыстар естілді — бұл Израильдің әуе шабуылынан қорғаныс жүйелері жұмыс істеп жатқанының белгісі, — делінген мақалада.

Сол уақытта Израиль Иран аумағындағы зымырандарды сақтау және ұшыру нысандарына жаңа соққылар толқынын бастаған.

Еске салайық, 13 маусым күні Израиль әскері “Арыстандай халық” атты операцияны бастап, Иран инфрақұрылымына шабуыл жасаған еді. Бұған жауап ретінде Тегеран жүздеген зымыран ұшырды. Содан кейін Израиль әскери-әуе күштері Ирандағы нысандарға соққы жасай берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты