USD
USD
USD

Иран көшбасшысы Израильмен соғыстан кейін алғаш рет халық алдына шықты

Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Израильмен болған қақтығыстан кейін алғаш рет көпшілік алдында көрінді. Ол Ашура мерекесіне арналған діни рәсімге қатысты. Бұл күн – шииттік ислам күнтізбесіндегі ең қасиетті мерекелердің бірі.

Иран
Фото: West Asia News Agency

АЛМАТЫ, NEGE. Мемлекеттік телеарналар таратқан бейнежазбаларда ондаған адамның діни ұрандар айтып, Хаменеи кіріп келген залда жиналғаны көрсетіледі. Бұл рәсім дәстүрлі түрде елдегі маңызды мемлекеттік шаралар өтетін жерде ұйымдастырылған.

13 маусымда басталған Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс кезінде аятолла Хаменеи ешбір қоғамдық шараға қатыспаған еді. Ол тек алдын ала жазылып таратылған бейнеүндеулер арқылы халыққа жолдады.

Мәселен, 26 маусымда көрсетілген үндеуінде ол АҚШ президенті Дональд Трамптың қысымына қарамастан, Иран берілмейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, 22 маусымда АҚШ Иранның Фордо, Исфахан және Натанз қалаларындағы үш ядролық нысанға соққы жасады. Бұл соққыға дейін Израиль әскері Иранның ядролық бағдарламасын жоюды мақсат тұтқан әскери операциялар жүргізген болатын.

Қазір оқып жатыр

Иран футболшысы ФИФА мен 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға шағымданды

Иран футболшылары

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

өрт

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана