USD
USD
USD

Иран Израильге зымыранмен соққы жасады: Таяу Шығыстағы жағдай ушығуда

Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс жаңа кезеңге өтті. Жексенбі күні таңертең Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израильге бағытталған зымырандық шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) хабарлады.

Соғыс
Фото: Фото: stihi.ru

АЛМАТЫ, NEGE. Иран тарапының мәліметінше, шабуыл кезінде шамамен 30 зымыран қолданылған. Бұл әрекет АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған әуе соққысынан кейінгі қарымта жауап ретінде жүзеге асқан.

Reuters агенттігі куәгерлерге сілтеме жасап, Израильдің орталық өңірінде бірнеше жарылыс болғанын хабарлады. Ал AFP мәліметіне қарағанда, жарылыстар Иерусалим қаласында да тіркелген. Израильдің Kan телерадиокорпорациясы кем дегенде 10 зымыранның нысанаға тигенін растады.

Иран мемлекеттік телеарнасы бұл шабуылды «жауапты әрекет» деп атап, АҚШ пен Израильдің соңғы әрекеттерін ашық арандатушылық деп бағалады. КСИР мәлімдемесінде қазіргі жағдайдың екі ел арасындағы текетіресті толыққанды соғысқа айналдыруы мүмкін екені ескертілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасап, Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, ядролық қарудың таралуына жол бермейтін келісім жасау қажеттігін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасап, бұрынғы президент Дональд Трамп бұл операцияны «сәтті» деп бағалаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park