USD
USD
USD

Иран-Израиль арасындағы ахуал Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етеді?

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтты. 

Вице-премьер
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. «Қазір болжам жасауға ерте. Жағдай қалай өзгеретінін күтіп отырмыз. Бейбіт келісімге қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Не жоғалтамыз дегенге келсек, бәрінен бұрын Иранға азық-түлік жеткіземіз. Бұл оқиға ол саудаға әсер етпейді деп ойлаймын. Қайткенде де халқына азық керек, үлкен ел деген сияқты. Бізді алаңдатып отырған жалғыз мәселе – логистика» – деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Әңгіме Иран теміржол арқылы өтетін транзиттік тасымал туралы болып отыр.

«Оңтүстікке апаратын жол Иран арқылы өтеді. Басқа теміржол жоқ. Бірақ ол жолмен әзірге соншалық көп тасымалдап отырған жоқпыз. Өйткені иран теміржолының жағдайы соншалық жақсы емес және станса ауыстыру мәселелері бар. Дегенмен үлкен жоспарларымыз болған. Сондықтан ахуалды жіті бақылаймыз», – деді вице-премьер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер