USD
USD
USD

Ирактан қайтқан балалар

Ирактан қазақстандық 14 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ирактан қайтқан балалар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Биыл 27 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатыр. Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз  байланыса отырып жүзеге асырды", – делінген СІМ хабарламасында. 

"Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық азамат пен ұйымға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады. 2019 жыл Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ үшін маңызды. Осыдан тура 30 жыл бұрын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойылды, ал ақпан айында біздің осы Конвенцияны ратификациялағанымызға 25 жыл толды", – дейді СІМ өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Бензин мен дизель әкетуге салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылмақ

бензин экспорты

Қанатбек Жайсаңбаев Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қанатбек Жайсаңбаев

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басқарма төрағасы қызметінен кетті

Талғат Алдыбергенов

Конституциялық соттың шешімі тек нормативтік-құқықтық сипатқа ие – Қарин

Мемлекеттік кеңесші