Ирактан 10 бала елге әкелінбек
Екі аптадан кейін Ирактан қазақстандық 10 бала елге әкелінеді. ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеген.
Алматы, NEGE. «Операция (қазақ балаларын Ирактан әкелу операциясы – ред) әлі жасалған жоқ. Біз ирак тарапымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар әзірлік жұмыстарын жасау үстіндеміз. Өйткені, бұл балалар елге келген соң, карантинде болады. Ұзақ уақыт бойы қиын жағдайда қалған балаларды оңалтуға, туыстарымен кездестіруге біраз уақыт керек. Жақын арада операция өтеді. Дәл уақыты әлі келісілмеді. Келіссөздерден ешқандай қиындық туып жатқан жоқ, жай ғана ұйымдастыру мәселелері бар. Екі жастан 13 жасқа дейінгі он баланы қайтаруды жоспарлап отырмыз», – деді Смадияров дүйсенбіде өткен брифингте.
Оның айтуынша, кейбір балалар әкесінен де, шешесінен де айырылған.
«Қазақстанда оларды орналастыратын орын да бар, барлық қажетті нәрселермен қамтамасыз етіледі. Бұған бірнеше мемлекеттік органдар атсалысты. Балаларды қайтару жөніндегі көліссөздер екі аптадан кейін аяқталуы мүмкін», – деді СІМ өкілі.
Еске сала кетсек, «Жусан» арнайы операциясы барысында Сириядан Қазақстанға 600 адам қайтарылған болатын. Оның 406-сы – балалар. Соның ішінде 10 ер адам мен бес әйел «терорлық ұйымға қосылғаны үшін» бас бостандығынан айырылып, жазаға тартылды. Сонымен қатар Сириядан оралған тағы 14 адамның үстінен сот басталатыны хабарланған еді.
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?