Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ираклий Гарибашвили қайтадан премьер-министр болды

Ираклий Гарибашвили Грузияның премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Ираклий Гарибашвили қайтадан премьер-министр болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін парламент отырысында оны қолдап 89 депутат дауыс берді, екі депутат қарсы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Грузия жаңалықтарына» сілтеме жасап. Ираклий Гарибашвили 38 жаста, ол бұған дейін Қорғаныс министрі болған. Грузия тарихында алғаш рет премьер-министр лауазымына бір адам екі рет келді. Жаңа премьерді билік партиясы Георгий Гахария отставкаға кеткен соң ұсынуға мәжбүр болды. Ол 18 ақпанда арнайы брифингіде отставкаға кететінін мәлім еткен еді.

Еске сала кетсек, «Грузия арманы» партиясы 2012 жылы парламент сайлауында жеңіске жеткен соң, елде бес мәрте үкімет кабинеті ауысты. Бесінші премьер Георгий Гахария 2019 жылы қыркүйекте тағайындалған еді. Жаңа министрлер кабинетінде екі ведомство басшысы ғана өзгерді. Қорғаныс министрі болып Жуаншер Бурчуладзе, отставкаға кеткен вице-спикер, инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Майя Цкитишвилидің орнына Ираклий Карселадзе келді.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап