USD
USD
USD

Ипотекалық бағдарламалар шарттарын қайта қарау ұсынылды

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 10,75% ставкамен, 15 жылға несие беріледі.

Ипотекалық бағдарламалар шарттарын қайта қарау ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Яғни айлық табысы 180 мың теңгеден төмен тұрғындар бұл бағдарламамен баспана ала алмайды. Өйткені шарттары келмейді. Осыны негізге алған сенаттың вице-спикері Асқар Шәкіров пен депутат Ляззат Сүлейменова, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың шарттары қарапайым халық үшін тиімсіз деп мәлімдеді. Ал «Шаңырақ»немесе «5-10-20» бағдарламалары кірісін растай алмайтын қазақстандықтардың баспана мәселесін шеше алмайтыны анық.

Осы бағыттағы жобалардың ішінен ең қолайлысы «7-20-25». Бұл бағдарламамен  тек жаңа үйлерді алуға болады. Бірақ пәтерлердің көбі үйдің қабырғасы көтерілмей жатып, алып-сатарлардың қолында кетеді. Ал армандаған баспананы алдын ала алып қою үшін қыруар қаржы керек. Құрылыс компаниясына пәтер құнынының кем дегенде 30%-тін төлеуге тура келеді. Бұдан бөлек ай сайынғы төлемдер тағы бар. Ал құрылыстың уақытында аяқталарына ешкім кепілдік бермейді. Сайып келгенде бұл айлық табысы төмен тұрғындар үшін тиімсіз. Сондықтан депутаттар «7-20-25» бағдарламасының шарттарын өзгерітіп,  ескі үйлерді алуға мүмкіндік беруді ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер