USD
USD
USD

iPhone 12 қашан шығады?

Биыл Apple компаниясы көптің назарына жаңа iPhone 12 смартфонын ұсынады.

 iPhone 12 қашан шығады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Гаджеттің қандай артықшылықтары мен ерекшеліктері қандай болатынын Macotakara интернет басылымы зерттеді. 

Басылым дерегі бойынша Apple компаниясының жаңа өнімі қазіргі iPhone 11 Pro Max смартфонына ұқсас болады. Бірақ корпусы 7,4 миллиметрге жұқа жасалады. Экраны 6,7 дюймді құрайды. Сондай-ақ сарапшылардың пікірі бойынша смартфон дисплейі жаңа электрлюминесцентті OLED-экранмен жабдықталады.

Одан өзге смартфон қуаты да көпке шыдайтын болады. iPhone 12 6,1 және 6,7 дюйімді экранмен екі нұсқада шығады. Қазіргі түрі сияқты үшкамералы болады және жетілдіріле түскен. Қараңғыда да, яғни жарық нашар болса да сурет сапалы шығады.

Аталған деректер жаңа смартфонның толық ресми сипаттамасы емес, болжам ғана. Жаңа гаджет осы жылдың қыркүйек айында сатылымға шықпақ. 

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель