USD
USD
USD

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Иордания Хашимит Корольдігі Тәуелсіз сайлау комиссиясының Комиссарлар кеңесінің мүшесі, халықаралық бақылаушы Бушра Абу Шухут Қазақстан астанасындағы сайлау учаскелерін аралады.

Бушра Абу Шухут
Фото: Gov

Астана, NEGE. Байқаушы сайлау учаскелерінің техникалық жабдықталу деңгейін, сайлаушыларды сәйкестендіру үдерісінің жолға қойылғанын және инклюзивтілікке ерекше көңіл бөлінгенін мәлім етті. Оның айтуынша, учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ кезектің алдын алу мақсатында сайлаушылар тізімінің әліпби ретімен бөлінуі логистиканың жан-жақты ойластырылғанын көрсететінін айтты.

«Мен халықаралық байқаушы ретінде бұған дейін де бірнеше рет жұмыс істедім, алайда Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін елде ауқымды саяси реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Соның бірі – жаңа бір палаталы Парламент үлгісіне, яғни Құрылтайға көшу. Қазақстанның парламенттік жүйені трансформациялау тәжірибесі бізде шынайы кәсіби қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан оны мұқият зерделейтін боламыз», – деді ол.

Бақылаушының айтуынша, екі елдің сайлау жүйесінде айырмашылық болғанымен (Иорданияда екі палаталы Парламент сақталған), Қазақстан мен Иордания халықтарының ділі бір-біріне өте ұқсас.

«Байқау барысында бірнеше сайлау учаскесін аралап, ұйымдастырушылардың жоғары кәсібилігіне көз жеткіздік. Сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерін жетік біледі және кез келген сұраққа толық жауап бере алады. Барлық санаттағы азаматтарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға тең жағдай жасаудың ең жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін ерекше атап өткім келеді. Қонақжайлық танытқаны үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына зор алғысымды білдіремін», – деді Бушра Абу Шухут.

Шетелдік бақылаушы Қазақстандағы сайлау барысының жоғары мәдениеті мен мінсіз ұйымдастырылуына да ерекше тоқталды. Оның бағалауынша, Қазақстан ашықтықтың, демократиялық қағидаттардың және заң талаптарын қатаң сақтаудың озық стандарттарын көрсетіп отыр. Сонымен бірге, ол сайлау комиссияларының мінсіз жұмысы, нақты жолға қойылған логистика мен заманауи технологияларды қолдану бойынша Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін халықаралық деңгейде де жоғары бағаланатынын және бәріне бірдей бағдарға айналатынын айтты.

Бақылаушының пікірінше, Қазақстан дауыс беруді жоғары деңгейде ұйымдастырып, елдегі әрбір азаматтың сайлау құқығына шынайы құрметпен қарайтынын көрсетіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу