USD
USD
USD

Иорданиядағы Израиль елшілігі аумағында атыс болды

Иордания астанасы Аммандағы Израиль елшілігі аумағында атыс болды. Бұл туралы Reuters жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

ту
Фото: baq.kz

Алматы, NEGE. «Иордания полициясы Израиль елшілігі орналасқан аумақты қоршауға алғаннан кейін атыс естілген», - делінген агенттік хабарламасында.

Куәгердің сөзіне қарағанда жергілікті полицейлер аумақты қоршаған, аталған аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаруланған адам көз жұмған, бұдан бөлек 3 полицей атыстан жараланған.

Еске салсақ, бұған дейін хабарлағанымыздай Иордания соты ел парламентінің бұрынғы депутаты Имад әл-Адуанды 10 жылға соттады. Оған Иордан өзенінің Батыс жағалауына контрабандалық жолмен қару тасымалдаған деген айып тағылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты