USD
USD
USD

Иорданияда Абай көшесі бар

Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті, – деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Иорданияда Абай көшесі бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келіссөздер барысында тараптар Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Амман муниципалитеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бастамаларды қолдау көрсету мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Осы ретте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты ашылу рәсімімен Амман қаласындағы орталық көшелердің біріне қазақтың ұлы ақынының есімін беру туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.

«2010 жылдың мамыр айында Король ІІ Абдалланың Жарлығымен Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімі берілді. 2018 жылғы желтоқсанда Амманда Астана көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Нұр-Сұлтанда Иордания астанасы Амман атындағы көше бар, ал 2017 жылғы 27 шілдеде Иорданияның ұлттық күні аясында "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде Хусейн бен Талал атындағы көшені ашу рәсімі өтті», – делінген СІМ хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер