USD
USD
USD

INVIVO 16 қалада басқа зертханалардың қызметіне кедергі келтірген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі INVIVO бренді лицензиясына ие «INVIVO Business» ЖШС компаниясының бәсекелестік талаптарын бұзғанын анықтады.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Агенттік мәліметінше, танымал компания әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталған.

«INVIVO Business» ЖШС зертханалық қызметтер нарығындағы субъектілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттарын жасасып, онда франчайзинг шарты бұзылғаннан кейін 24 ай бойы бәсекелестермен ынтымақтастық жасауға тыйым салатын талаптарды көздеген.

Бұл шарттар елдің 16 қаласында зертханалық қызметтер нарығындағы көптеген субъектілердің кәсіпкерлік қызметін іске асыруына кедергі келтірген», – делінген монополияға қарсы органның хабарламасында.

Тексерістен кейін компания шарттан бәсекелестікті шектейтін нормаларды алып тастаған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде зертханалық қызметтер нарығындағы 143 субъектінің құқығы қорғалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты