USD
USD
USD

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Шығыс Қазақстан облысындағы Манка алтын кен орнына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Йылдырым
Фото: Ғаламтордан

Астана, NEGE. Бұл туралы «Письма Президенту» Telegram-арнасы хабарлады.

Жарияланымда кәсіпкер Роберт Йылдырымға тиесілі түріктің Yildirim Holding холдингі кәсіпорындарды 5 млн долларға сатып алғаны, алайда кейін инвестор алтын өндіру фабрикасын салу, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны айтылған.

Уәде етілген инвестицияның орнына кәсіпорындар жылдық 25 пайызбен 21 млн доллар несие алған-мыс. Жарияланым авторының мәліметінше, шахтаның үш жыл бойы тоқтап тұруы салдарынан оның жағдайы сын көтермейтін деңгейге жеткен.

Бұған дейін NEGE Yildirim Holding компаниясының шетелдегі активтері туралы жазған еді. Холдингке қатысы бар құрылымдар санкция енгізілгеннен кейін сатылған, бұған дейін ресейлік миллиардерлерге тиесілі болған Alfa Nero және Axioma суперяхталарын сатып алған.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік