USD
USD
USD

Инвестициялық штабтың қолдауымен Жамбыл облысында заманауи қонақүй кешені ашылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында заманауи KeruenInn қонақүй кешені ашылды. Жоба ҚР Үкіметінің Инвестициялық штабының қолдауымен жүзеге асырылды.

KeruenInn қонақүй кешені
Фото: Жамбыл облысы

Алматы, NEGE. Штаб Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвесторлардың мәселелерін жедел шешу және әкімшілік кедергілерді жою өкілеттіктерімен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың басынан бері 18 отырыс өткізіліп, шамамен $70 млрд болатын 65-ке жуық инвестициялық жоба қаралды.

Жамбыл облысында қонақүй кешенінің ашылуы – Мемлекет басшысы қойған заманауи инфрақұрылым құру және елдің транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асырудың бір бөлігі.

KeruenInn қонақүй кешені
Фото: Жамбыл облысы

Кешенде 30-дан астам нөмір, кафе, дүкен және дәріхана бар. Саяхатшылардың ыңғайы үшін жүк және жеңіл автокөліктерге арналған тұрақ, сондай-ақ электр көліктерін зарядтау станциялары қарастырылған. Бұл нысанда меркілік тұрғындар үшін 20 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Жоба аясында 2029 жылға дейін еліміздің 14 өңірінде осындай 60 нысан салу жоспарланған. Қонақүй кешендерінің желісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» сияқты негізгі автокөлік дәліздерін қамтып, шекарадағы өткізу пункттері мен басым туристік орындардың жанында орналасады. Жалпы инвестиция көлемі $150 млн-нан асады және шамамен 900 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

KeruenInn қонақүй кешені
Фото: Жамбыл облысы

Үкімет жеке инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жобаларды қолдау, өңірлердің кешенді дамуына және транзиттік әлеуетін арттыруға жағдай жасау жұмыстарын жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Есмұхан Обаев

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала