Референдум Референдум
USD
USD
USD

Интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ісі сотқа жіберілді

ІІМ тергеу департаменті трансұлттық ҰҚТ құру және оған қатысу фактісі бойынша көп эпизодты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық іс
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2023 жылдың тамыз айында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөліністерімен бес ірі қалада (Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе) Қазақстан мен жақын шетелдердің азаматтары ұсталды. Олар модельдік агенттіктің атын жамылып, Web-Cam арқылы интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан.

Қылмыстық бизнеске 18 жастан 25 жасқа дейінгі қазақстандық қыздар тартылған. Қылмыстық топтың ақша айналымы үш миллиард теңгеден асқандығы анықталды. Қылмыстық іс бойынша 21 адам күдікті деп танылған. Олардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

– Өткен жылдың желтоқсан айында осыған ұқсас қылмыстық сызбаның жолы кесілді. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен аумақтық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің жедел уәкілдері бір мезгілде еліміздің 11 өңірінде аталған қылмысқа қатысы бар 50-ден астам адамды құрықтап, жеткізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҰҚТ құру және оған қатысу фактісі бойынша жүргізілуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз