10 Қазан 12:29
...

Интимді фотолары мен видеоларын жариялаған: Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі 3 жылға шартты мерзімге сотталды

Дана Нұржігіт
Фото: ғаламтордан

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт өз сұхбатында экс-күйеуінің бопсалағанын және сол себепті 3 жылға шартты түрде сотталғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Өмірімде бірінші рет оның маған жақындамауы үшін, хабарласпауы үшін, аңдымауы үшін қорғау бұйрығы шықты. Елестетіп көріңізші, мен бассейнде жүзіп жүрмін, судан шықтым, ал әлгі адам сол жерде тұр. Дәл осындай жағдай ауруханада, көшеде болуы мүмкін. Емін-еркін жүруден қалдым, мені барлық жерде әлеуметтік желіде, өмірде, эфирден кейін бақылап жатқандай көрінді. Мұның барлығы қорқынышты түс сияқты болды. 2022 жылдың жартысы, 2023 жыл осындай жағдайда өмір сүрдім. 2024 жылдың 13 маусымынан бастап үкім күшіне енді», - деді Дана Нұржігіт. 

2019 жылы Дана Нұржігіт екінші рет тұрмысқа шықты. Ал 2022 жылы олар ажырасты. Журналистің айтуынша, айырылысып кеткеннен кейін оның бұрынғы күйеуі артынан аңдуды шығарған. Бұл жағдайдан кейін тележүргізуші полиция мен психотерапевттердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. 

Дана Нұржігіттің айтуынша, бұл оқиға оны күйзеліске ұшыратып, денсаулығына кері әсерін тигізген. 

«Бұл жағдай мені сүйікті мамандығымнан да, денсаулығымнан да айырды. Эфирге шыға алмай қалдым, қатты күйзелдім, ренжідім. Денсаулығыма кеткен, моральдық және қаржылық шығындарға қарамастан, қалпыма келуге өте ұзақ уақыт қажет. Бұл туралы айту мен үшін әлі де қиын, бірақ бұрынғыдай емес. Бар күшім тек осы процеске жұмсалды», - деп бөлісті журналист.

Белгілі болғандай, журналист өзінің жеке басына қатысты интимдік материалдарды жариялағаны үшін бұрынғы күйеуін сотқа берген. Нұржігіт сотта бұрынғы күйеуінің кінәлі екенін дәлелдеп шықты.