USD
USD
USD

Интернетте жезөкшелікті жарнамалаған 16 қыз есепке алынды

  Атырауда ғаламторда жезөкшелікті жарнамалаған 16 қыз есепке алынды. 

Интернетте жезөкшелікті жарнамалаған 16 қыз есепке алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс шарасы кезінде анықталған. «Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) 1 дерек анықталды. Ал, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) 24, аталған құжаттың 450-бабымен (Көрнеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларын ұсыну) 1 адамға хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысатын тұлғалар жиналатын жерлер, интернет-сайттар мен жарнамалық хабарландырулар тексерген. Ғаламтор желісіндегі KIZDAR.NET сайтына жыныстық қызмет көрсетуге анкеталық жарнама берген 16 жезөкше анықталған. Олар «жеңгетай-жезөкше» санатымен есепке алынған.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев