USD
USD
USD

Интернет сауда озып барады

Интернет арқылы тауар мен қызметті пайдаланушылар саны күн өткен сайын көбейіп барады. Еуропалықтар бұл тұрғыда көшті бастайды. Олар барлық интернет пайдаланушылардың 80 пайызын құрайды. 

Интернет сауда озып барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайлы БҰҰ-ның Сауда және даму конференциясының жаңа баяндамасында айтылды. Электронды саудадағы әлемдік лидерлер тізімінде еуропалық елдер он позицияның сегізінде алғашқы орындарды иемденген. Бірінші орында – Нидерланды, ал екінші – Швейцария.

«Үздік ондыққа» еуропалық емес елдерден тек Сингапур (үшінші) мен Австралия ғана (10 орында) енді.

Электронды сауда экономикалық дамуға үлкен мүмкіндік туғызады, бірақ оның басымдығын кедей елдердің басым бөлігі пайдалана алмайотыр. Яғни,еуропалық елдердің жартысы желі арқылы 80 пайыздан астам сауда-саттық жасаған болса, табысы төмен және орташа мемлекеттердің үлесі 10 пайызды ғана құраған. Баяндама авторларының атап өтуінше, 2017 жылы электрондық коммерцияның жаһандық нарығы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсіп, айналымы 3,9 трлн долларды құраған.

 

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy